1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ел тұрғындары 2020 жылғы мамырда 1 467 алтын құймаcын сатып алды

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г. құйма ең көп сатып алынады. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі 6 969 дананы (27%) құрайды. Одан кейін 5 грамдық – 6 050 дана (23%), 20 грамдық – 4 966 дана (19%),100 грамдық – 4 933 дана (19%), 50 грамдық – 3 050 дана (12%) тұр.

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 50,3%), одан кейін Атырау (18,4%), Нұр-Сұлтан (11,4%) және басқа өңірлер (19,9%) болды.

Кері сатып алуға жалпы массасы 3 010 грамм 106 өлшеуіш құйма қабылданды. Бұл алтын құймалары инвестициялаудың және жинақты жинаудың ұзақ мерзімді құралы болып табылады.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bankтен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Алтын құймалары инвестициялаудың сенімді құралы ретінде болуы мүмкін. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалары нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және орауы ашылғанын немесе ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылатынын ескертеміз. Қорғаныш орауы да құйма сапасының сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтау және орауды ашпау ұсынылады.

2020 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша алтынның 1 граммының құны 22051,94 теңгені құрайды.

Жоғарыға