1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем ұйымдарының қызметтері арқылы 2020 жылдың 1-ші тоқсанында 422,7 млрд. теңге көлеміде төлем өтті

Бұл төлемдердің 71%-ын халық ұялы байланыс операторларының қызметтерін төлеу үшін, 19% – әр түрлі қызмет түрлеріне, 6% – коммуналдық қызметтерге, 2% – тауарларға және 2% – басқа төлемдер түрлері бойынша жүргізді.

Әр екінші операция төлем терминалдары мен кассалар арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы жүзеге асырылды, төлем ұйымдарының жалпы айналымынан төлемдердің 39%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылды.

Қазақстанда жұмыс істейтін 27 электрондық ақша жүйесінен 22 электронды ақша жүйесінің операторлары төлем ұйымдары болып табылады. 2020 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындылары бойынша төлем ұйымдарының қызметтері арқылы 75,6 млрд теңге сомасында электрондық ақша транзакциялары жүргізілді. Бұл барлық жұмыс істеп тұрған электронды ақша жүйелері айналымының 70% құрайды.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 62 төлем ұйымы жұмыс істейді.

Жоғарыға