1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 18,2% азайды

2019 жылдың сейкес кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдарының жалпы көлемінің 18,2%-ға төмендеуі байқалады: Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 12,5%-ға, шетелден Қазақстанға келген аударымдар 30,7%-ға азайды. Алайда, осы кезеңде Қазақстан аумағында жүргізілген төлемдер көлемі 20,1%-ға өскен.

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей Федерациясына (35,5%), Өзбекстанға (18,8%), Түркияға (16,8%) және Қырғызстанға (12,3%) жіберілген. Шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей Федерациясынан (27,7%), Оңтүстік Кореядан (20,2%), Қырғызстаннан (12,3%) және Өзбекстаннан аударылған.

Жалпы, сәуір айында ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда жіберілген және алынған ақша аударымдары 2 есе азайды. Бұл COVID-19 таралуына қарсы шаралар қабылдау және әлемнің көптеген елдерінде іскерлік белсенділіктің төмендеуі салдарынан деп пайымдаймыз.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда ақша аударымдарының 6 халықаралық жүйесі жұмыс істейді («Золотая корона», Western Union, ЮНИСТРИМ, Contact, Faster, MoneyGram).

Жоғарыға