1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Банктердің онлайн жүйелері арқылы күніне орташа есеппен 2,6 млн операция жүргізілген

Алайда, ағымдағы жылдың сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда төлем карточкаларын қолдана жүргізілген операциялар көлемінің 21%-ға азаюы байқалады. Қолма-қол ақшасыз жүргізілген операциялар 18%-ға, ал қолма-қол ақша шешу операцияларының көлемі 25%-ға қысқарған. Бұл елдегі карантинға байланысты енгізілген шектеулер нәтижесіндегі халық белсенділігінің азаюы себебінен болып отыр.

2020 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығындағы қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі мен саны - 7,6 млрд. теңге сомасына 615,3 млн. транзакцияны құрады. Өткен жылдың осындай уақыт аралығында бұдан екі есе аз операция жүргізілген болатын. Негізінен қолма-қол ақшасыз операциялар онлайн каналдар бойынша жасалған: банктердің онлайн жүйелері арқылы күніне орташа есеппен 48,7 млрд. теңге сомасына 2,6 млн. операция жүргізілген.

Төлем карточкаларын ұстаушылар күніне орташа есеппен 5,1 млн. қолма-қол ақшасыз және 827 мың қолма-қол ақша шешу операцияларын өткізген. Бір қолма-қол ақшасыз операцияның орташа сомасы 12 298 теңгені құраса, қолма-қол ақша шешу операцияларының орташа сомасы 47 598 теңгені құраған.

Жоғарыға