1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылдың сәуірінде банктер 2 млн-ға жуық төлем карточкаларын шығарды

Ағымдағы жылдың сәуір айында эмитенттермен 2 млн-ға жуық төлем карточкалары шығарылған. Бұл төлем карточкаларының 45% Алматы қаласының айналымында (891 мың бірлікке жуық). Ал аймақтарда төтенше жағдай кезінде шығарылған төлем карточкаларының саны орташа есеппен 70 мың бірліктен асады.

2020 жыл 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 96,3 мың кәсіпкер 133,1 мың сауда орындарында 160,7 мың POS-терминал орнатқан. Қазақстан аумағында 12,0 мың банкомат жұмыс істеп, оның 1,5 мың бірлігі клиенттерді биометриялық идентификациялау функциясын қолдайды.

Жоғарыға