1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық валюта банкноттары туралы

Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк Төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттар бар.

Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті. Олар айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады.

Қазақстан Республикасы Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 206- бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту – ескерту жасауға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап бас тарту – кәсіпкерлік субъектілеріне 5-тен 25 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, айырбастаудан және ұсақтаудан бас тартуы 50 айлық есептік көрсеткішке мөлшеріндегі айыппұлға әкеп соқтырады.

Осы банкнотарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Бейнетіркелім жасауды не банкноттар қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз. Сұрақтар туындаған жағдайда Қолма-қол ақша айналысы Департаментіне +7 (727) 596-814 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Жоғарыға