1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 8-15 мамыр аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу (.pdf 18/05/2020, 873,63 KB)

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 8 - 15 мамыр аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ пен ҚХР келіссөз жүргізушілері екіжақты сауда мәмілесін және экономика мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға уәде беріп, сауда мәмілесін бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты. Алайда, Д. Трамп «америка - қытай сауда мәмілесі өз дәмін жоғалтты» деп мәлімдеді. ЕОБ Германия сотының оның бұрыннан келе жатқан облигацияларды сатып алу бағдарламасын сынға алған үкіміне жауап бере отырып, инфляцияны жеделдету үшін барлық жағдайды жасайтынына уәде берді. Джером Пауэлл вирустың экономикалық тәуекелдері туралы ескертті және теріс мөлшерлемелер идеясынан бас тартты. АҚШ-та бөлшек сауда сәуір айында дүкендердің жабылуына және өзін-өзі оқшаулауға байланысты, наурыз айымен салыстырғанда 16,4%-ға төмендеді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты: 

  • түрік лирасы наурызда ағымдағы шоттың тапшылығы 2 жылға жуық уақыт ішінде ең жоғары деңгей $4,92 млрд дейін жетуі туралы деректердің шығуына қарамастан, 3 халықаралық банкпен мәмілелер жасауға тыйымның алынып тасталуы аясында 2,7%-ға (7,09-дан 6,9-ға дейін) нығайды; 
  • Индонезия рупиясы аукционда айтарлықтай сұраныстан кейін жергілікті МБҚ деген инвесторлардың сұранысының жақсаруының белгісі аясында 0,4%-ға (14 920-дан 14 860-қа дейін) нығайды;
  • Ресей рублі Сауд Арабиясының ОПЕК+ аясында келісілген көлемге қосымша мұнай өндіруді қысқарту туралы шешімімен қолдау тапқан мұнай бағасының өсуі аясында 0,1%-ға (73,57-ден 73,48-ге дейін) нығайды; 
  • үнді рупиясы көп өзгерген жоқ, бір апта ішінде 75,55-тен 75,58-ге дейін әлсіреді. Үндістанның премьер-министрі экономиканы қолдау үшін Үкімет жалпы 20 трлн рупий ($265 млрд, ІЖӨ-нің 10%) жұмсайды деп мәлімдеді, бұл шаралар Үкімет бөлген қаражатты, сондай-ақ ОБ тарапынан көрсетілетін қолдауды қамтиды; 
  • Мексика песосы өнеркәсіптік өндірістің 5% ж/ж төмендеуі туралы деректердің шығуы және ОБ негізгі мөлшерлемені 2016 жылдан бастап ең төменгі деңгей 5,5%-ға дейін төмендету туралы шешімі аясында 1,3%-ға (23,65-тен 23,96-ға дейін) әлсіреді; 
  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ-тың әлсіз экономикалық деректерінің шығуына байланысты инвесторлардың тәуекел дәрежесінің төмендеуі аясында 1,3%-ға (18,35-тен 18,59-ға дейін) әлсіреді; 
  • Бразилия реалы 2020 жылы ІЖӨ өсуінің болжамын 0,02%-дан (алдыңғы болжам) -4,7%- ға дейін (ағымдағы болжам) қайта қарау аясында 2,3%-ға (5,73-тен 5,86-ға дейін) әлсіреді.

Жоғарыға