1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Соңғы сатыдағы қарыздарды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Ұлттық Банкінен қаржы нарығын реттеу жөніндегі мандаттың Агенттікке бөлінгенін назарға ала отырып, құжатпен екі мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіктерінің бөлінуін ескеріп, соңғы сатыдағы қарыздарды беру кезінде Ұлттық Банк пен Агенттік арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ қарыздарды алу үшін екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар айқындалды. Қағидаларды әзірлеу кезінде озық халықаралық тәжірибе ескерілді.

Соңғы сатыдағы қарыздар тетігі – бұл заманауи банк жүйесінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды элементі. Жедел өтімділікті алу мүмкіндігі төлем жасауға қабілетті банктердің әлеуеттік тәуекелдерінің алдын алады.

Бірлескен қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің интернетресурсында танысуға болады.

Жоғарыға