1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін ұзартты

Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

1) АҚШ доллары – 6 теңге;

2) еуро - 7 теңге деңгейінде белгіленді.

Қабылданған шектеулер қолма-қол ақшасыз өткізілетін айырбастау операцияларына таралмайды.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында танысуға болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі айырбастау пункттері арқылы өткізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытына орнатқан болатын.

Жоғарыға