Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 17-24 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 17 - 24 сәуір аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. ОПЕК + елдерінің әлемдік мұнай өндірісін 10 пайызға төмендету туралы мәміле жасағанына қарамастан, мұнай нарығындағы дағдарыс төмен сұраныс пен артық жеткізуге байланысты жалғасты. 20 сәуірде WTI маркалы мұнайдың фьючерстері алғаш рет баррель үшін минус $37,63 деңгейде жабылып, теріс мәндерге жетті. Сауд Арабиясы бюджет тапшылығының өсуіне байланысты жергілікті және халықаралық нарықтарда ірі облигацияларды орналастыруды жоспарлап отыр, елдің сыртқы қарызы шамамен $58,5 млрд дейін екі есе өсуі мүмкін. АҚШ Президенті $484 млрд көлемінде экономиканы қолдау шаралары туралы заң жобасына қол қойды, ол негізінен коронавирус салдарын еңсеру үшін шағын бизнес компанияларына тағайындалған. Дүниежүзілік банк 2020 жылы мұнайдың орташа бағасы туралы болжамын $58 (2019 жылғы қазан айындағы болжам) $35 дейін түсірді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

Индонезия рупиясы АҚШ ФРЖ репо желісінің арқасында шетел валютасындағы өтімділіктің жақсаруы жағдайында 0,4%-ға (15 465-тен 15 400-ге дейін) нығайды. ОБ Төрағасы әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздіктің төмендеуіне байланысты айырбастау бағамының тұрақтанғаны туралы хабарлады;

үнді рупиясы жергілікті қор нарығынан капиталдың үздіксіз кетуі және АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы жағдайында 0,1%-ға (76,4-тен 76,46-ға дейін) әлсіреді;

түрік лирасы негізгі мөлшерлеменің нарықтық консенсус болжағаннан көп, 1 б.т. 8,75%-ға дейін төмендеуі жағдайында 0,6%-ға (6,93-тен 6,97-ге дейін) әлсіреді;

Ресей рублі экспорттаушыларды салық төлеуге дайындау және мұнай бағасының апта басында құлағаннан кейін қалпына келуі жағдайында 0,9%-ға (73,92-ден 74,55-ке дейін) әлсіреді. РФ ОБ мөлшерлемені 50 б.т. 5,5%-ға дейін төмендетті, сонымен қатар инвесторлар ОБ басшысының 2020 жылы негізгі мөлшерлеменің 100 б.т. ықтимал төмендеуі туралы мәлімдемесіне оң жауап қайтарды; 

Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекел деңгейінің ауқымды төмендеуі, сонымен қатар мемлекетке тиесілі банктің қарызды төлемеу арқылы міндеттемелер бойынша дефолтқа жол беріп алуы жағдайында 1,2%-ға (18,81-ден 19,04-ке дейін) әлсіреді. Үкімет ІЖӨ-нің 10% ($26 млрд) мөлшерінде коронавирус салдарын жеңілдету шаралары туралы жариялады;

Мексика песосы базалық мөлшерлемені 50 б.т. 6%-ға дейін шұғыл төмендету жағдайында 5,4%-ға (23,7-ден 24,98-ге дейін) әлсіреді. ОБ күтілетін рецессия жағдайында өтімділікті қамтамасыз етуді ұлғайту жоспарлары туралы хабарлады;

Бразилия реалы Үкіметтегі саяси келіспеушіліктер жағдайында 6,9%-ға (5,23-тен 5,59-ға дейін) әлсіреді. Әділет министрі отставкаға кетті және Президентті сыбайлас жемқорлық істерін тергеуге жауапты ведомствоға араласқаны үшін айыптады.

Жоғарыға