Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Банктік қызметтерді алу үшін тұлғаның жеке басын қашықтықтан сәйкестендіру туралы

Бұл сервис екінші деңгейдегі банктерге клиенттердің жеке басын қашықтықтан сәйкестендіруді жүргізуге және клиенттердің банктік шоттары мен салымдарын ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу, клиенттік дерекнама үшін маңызды деректердің толық болуын қамтамасыз ету сияқты қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Сервис биометрикалық сәйкестендіруді жүргізу бойынша толығымен заңнаманың талаптарына сәйкес келеді.

Қазіргі кезде ҚБЕО Қазақстанның қаржы нарығында Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасынан (бұдан әрі – ЖТМДБ) фотобейнелерге ресми рұқсаты бар биометрикалық сәйкестендірудің жалғыз операторы болып табылады.

ЖТМДБ-ға негізделген биометрикалық сәйкестендіру алаяқтық тәуекелдерін, оның ішінде тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қолдан жасауға байланысты алаяқтық тәуекелдерін біршама төмендетуге мүмкіндік береді.

Коммерциялық құрылымдар ұсынатын және жеке тұлғалардың фотобейнелерін салыстырып тексеруді жүргізуге негізделген, бірақ эталондық мемлекеттік деректер базасын пайдаланбайтын барлық өзге биометрикалық сервистер Ұлттық Банк белгілеген рәсімге және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен бекітілген қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді.

Жоғарыға