Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 10 - 17 сәуір аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 10 - 17 сәуір аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. ҚХР ЖІӨ 1976 жылдан бастап бірінші рет коронавирустың салдарынан 2020 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша 6,8% ж/ж құлдырауды көрсетті. ХВҚ 2020 жылы -3% жаһандық құлдырауды, одан әрі 2021 жылы 5,8% өсуді болжаумен жаһандық экономиканың болашағы туралы есепті жариялады. АҚШ президенті экономикалық қызметті қалпына келтіру үшін санитарлық шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастаудың басталғанын жариялады, штат губернаторлары әкімшіліктің ұсыныстарына сәйкес карантин шараларын жою туралы дербес шешім қабылдай алады. Әлемдік инвесторлар коронавирусты Gilead Sciences биофармацевтикалық компаниясының эксперименттік дәрісімен емдеудің белгілі бір тиімділігі туралы хабарламаларға оң баға берді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Индонезия рупиясы ОБ базалық мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз (4,5%) қалдыру туралы шешімінің аясында 2,6%-ға (15 880-нен 15 465-ке дейін) нығайды, сонымен қатар S&P халықаралық рейтинг агенттігі елдің тәуелсіз рейтингін BBB деңгейінде растады;
  • үнді рупиясы ОБ базалық мөлшерлемені инфляцияның баяулауына байланысты нысаналы деңгейден 4%-ға одан әрі төмендету туралы сигналдары аясында 0,1%-ға (76,29-дан 76,4-ке дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі аптаның аяғында мұнай бағасының төмендеуі аясында 0,2%-ға (73,77-ден 73,92-ге дейін) әлсіреді. Президент бизнесті және халықты қолдаудың жаңа шараларын жариялады. Қаржымині екі ФҚО аукционына 100 млрд сәтті орналастырды, бірінші аукциондағы сұраныстың үштен бірі шетелдік инвесторлар болды;
  • Мексика песосы борыштық жүктеменің ұлғаюына ықпал ететін құлдырауды күтуге байланысты ел рейтингінің BBB- дейін төмендеуі жағдайында 1,7%-ға (23,31-ден 23,7-ге дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы ел Президентінің денсаулық сақтау министрін карантиндік шараларды біртіндеп алып тастаудан бас тартқаннан кейін қызметінен босату жағдайында 2,3%-ға (5,11-ден 5,23-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы наурызда экономикалық белсенділіктің төмендеуі және кейінге қалдырылған салық төлемдері аясында $6,4 млрд бюджеттің рекордты тапшылығы туралы мәліметтерді жариялау жағдайында 3,4%-ға (6,7-ден 6,93-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды экономиканы қолдау үшін негізгі мөлшерлемені 5,25%-дан 4,25%- ға ең төмен деңгейге дейін төмендету жағдайында 4,7%-ға (17,96-дан 18,81-ге дейін) әлсіреді.

Жоғарыға