1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында резидент заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін өзгерту туралы

Заңды тұлғаларға қатысты сыртқы сауда мәмілелерін есептік тіркеу бойынша шекті соманы айқындауға және баламасы 50 (елу) мың АҚШ долларына тең келетін немесе одан асатын қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу кезінде растау құжаттарын ұсынуға бірыңғай тәсіл белгіленді.

Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу тәртібі нақтыланды. Сатып алынған шетел валютасы 10 жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсатқа пайдаланылуға тиіс, ал пайдаланылмаған жағдайда ол кері сатылуы керек. Қаулымен енгізілетін түзетулердің жеке тұлғалардың валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қатысы жоқ.

Кешенді қолданып жатқан шаралар қолма-қол ақшасыз шетел валютасына негізсіз алыпсатарлық сұранысты шектеуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағытталған

«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 25 қаулысының толық мәтінімен Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Жоғарыға