1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР Ұлттық Банкі мен «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың бірлескен мәлімдемесі

Осы жағдайларда ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын ықпалын шектеу үшін және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдем көрсету мақсатында Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп 2020 жылғы 19 және 20 наурызда теңге-доллар валюта жұбы бойынша Франкфурттық аукцион нысанында сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылдады.

Франкфурттық аукцион түрінде сауда-саттық өткізу туралы шешім клиенттердің қолда бар өтінімдерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы тұрақсыз жағдайды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сауда-саттықтың бұдан кейінгі режимі туралы ақпарат жария мәлімдемелер арқылы жеткізілетін болады.

Жоғарыға