1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 28 ақпан - 06 наурыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 28 ақпан - 06 наурыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды.

АҚШ ФРЖ экономикаға қауіп төндіретін коронавирус инфекциясының өршуі аясында 2008 жылдан бастап алғаш рет шұғыл түрде базалық мөлшерлемені 1-1,25%-ға 0,5 п.п. түсірді.

Венадағы келіссөздердің нәтижелері бойынша ОПЕК және ОПЕК+ мүше елдер мұнай өндірісін қосымша төмендету туралы келісімге келе алмады, көлемді тәулігіне 1,7 миллион баррельге қысқарту туралы қазіргі келісім айдың аяғына дейін сақталады. Әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны өсуде, бұл дамушы елдердің тәуекелді активтері мен валюталарына қысым жасайды. Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • түрік лирасы Ресей Федерациясы мен Түркияның Сирияда бітімге келуі, сондай-ақ АҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлемені 50 б.п. төмендетуі аясында 2,6%-ға (6,25-тен 6,09-ға дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы АҚШ ФРЖ мөлшерлемені төмендету туралы шешімінің аясында 0,5%-ға (14 318-ден 14 243-ке дейін) нығайды, бұл инвесторлардың тәуекел сентиментін қолдады;
  • Оңтүстік Африка ранды елде бірінші рет коронавирусты жұқтыру жағдайының ашылуы аясында 0,1%-ға (15,66-дан 15,68-ге дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы инвесторлардың тез таралып келе жатқан коронавирустың әсері бойынша өсіп келе жатқан алаңдаушылыққа байланысты тәуекел сентименті нашарлау аясында 2,2%-ға (72,18-ден 73,78-ге дейін) әлсіреді; 
  • Мексика песосы нарық қатысушыларының мұнай бағасының төмендеуіне, дамушы елдер активтерінің теріс динамикасына реакциясына байланысты 2,4%-ға (19,64-тен 20,11-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі РФ ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндіруді одан әрі шектеуден бас тартуына байланысты мұнай бағасының төмендеуі аясында 2,6%-ға (66,84-тен 68,55-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы ОБ белсенді валюталық интервенцияларына қарамастан, инвесторлардың тәуекел деңгейінің нашарлауы аясында 3,6%-ға әлсіреді (4,47-ден 4,63-ке дейін).

Жоғарыға