1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюта нарығындағы ахуал туралы

2020 жылғы 6 наурыздан бастап мұнай бағасы бір баррель үшін $50 доллардан $35 долларға дейін немесе 30%-дан астам төмендеді. Дамушы нарықтардың, оның ішінде Қазақстанның сауда әріптестерінің валюталары әлсіреуде.

Сыртқы жағдайларды ескере отырып, Ұлттық Банк 2020 жылғы 10 наурызда валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін валюталық өктемдіктер жүргізді.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ валюта нарықтарында алғаш рет франкфурттық аукцион әдісін іске қосты. Негізсіз құбылмалылықты болдырмау үшін биржа Ұлттық Банкпен бірлесіп осы құралды әзірледі.

Ұлттық Банк жағдайдың тұрақсыздануына жол бермейді және валюта нарығына тұрақты мониторинг жасайды. Қажет болған жағдайда валюталық өктемдіктер қайта жасалады.

Транспаренттілік саясаты шеңберінде Ұлттық Банктің барлық валюталық операциялары жария мәлімдеме арқылы хабарланатын болады.

Жоғарыға