1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем ұйымдарының қызметі

Ұлттық Банк берілген тіркеу нөмірлерін көрсете отырып Төлем ұйымдарының тізілімін қалыптастырады (Ұлттық Банктің интернет-ресурсында «Төлем жүйелері /Төлем ұйымын есептік тіркеуі» бөлімінде орналасқан). Аталған Тізілімде төлем ұйымдары көрсете алатын төлем қызметтерінің тізбесі көрсетілген.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, аталған Тізілімге сәйкес Қазақстан аумағында 60 төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсетуге құқылы.

Төлем ұйымдары ұялы байланыс операторларының қызметін төлеу, коммуналдық қызметтерін төлеу, салық төлемдерін, қарыздарды өтеу, медициналық қызметтерді төлеу және т.б. бойынша сервистерді ұсынады.

2019 жылы төлем ұйымдарының сервистері арқылы 2 трлн теңге сомасына 463,2 млн транзакция өткізілді (2018 жылмен салыстырғанда 24,4%-ға өсті). 2019 жылы төлемнің орташа сомасы 4 303,00 теңге болды. Төлем ұйымдары төлем қызметтерін көрсету үшін 80 мыңнан астам электрондық терминалдарды пайдаланады. Төлемдердің негізгі үлесі (59%) ұялы байланыс операторлары қызметінің төлемдеріне тиесілі.

Төлем ұйымдары айналымының жартысынан көбі төлем терминалдары, кассалар және т.б. қолма-қол ақшаны қабылдау сервисі арқылы өтеді, төлем ұйымдарының жалпы айналымынан 46% электрондық түрде бастамашылық танытқан төлемдерге, соның ішінде электрондық ақшаны пайдаланған төлемдерге тиесілі.

Жоғарыға