1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 700 миллиардтан астам теңге жіберілді

Халықаралық ақша аударымдары жүйелері (бұдан әрі - ХААЖ) арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 2019 жылы 701 млрд теңге сомасына 2,9 млн транзакция болды. Жіберілген аударымдардың жалпы көлемінің өсуі 2018 жылмен салыстырғанда 4,0% болды.

Қазақстанда 2019 жылы ХААЖ-ды пайдалана отырып 46,5 млрд теңге сомасына 0,3 млн транзакция жіберілді. Көрсетілген кезеңде Қазақстаннан шетелге 655,2 млрд теңге сомасына 2,6 млн транзакция жіберілді.

Шетелге жіберілген аударымдар көлемінің 80%-ы 4 елге тиесілі: Ресей Федерациясы (31,9%), Өзбекстан (21,2%), Түркия (14,3%) және Қырғызстан (13,3%).

Шетелден 2019 жылы ХААЖ арқылы 344,6 млрд теңге сомасына 1,7 млн транзакция қабылданды. Шетелден алынған аударымдардың жартысынан көбі Қазақстанға Ресей Федерациясынан (37,6%) және Оңтүстік Кореядан (19,1%) жіберілді.

Жоғарыға