1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2019 жылы ұлттық төлем жүйелері арқылы орташа есеппен күніне 3,1 трлн теңге сомасына төлемдер жүргізіліп отырған

2019 жылы көрсетілген төлем жүйелері арқылы 762,0 трлн теңге сомасына 41,6 млн транзакция жүргізілді. Орташа есеппен күніне ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,1 трлн теңгеге 169,3 мың төлем жүргізіледі, яғни операциялық күндері орта есеппен минутына 4,4 млрд теңге өтеді.

Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі коэффициенті 2019 жылы 99,99% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен асып түседі және ұлттық төлем жүйелері жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.

Жоғарыға