1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық резервтер 29,31 млрд долларды құрады

Бағалы металл бағасының өсуіне және нақты тазартылған алтынды сатып алуға байланысты алтын портфелін оң қайта бағалау мемлекеттік борыштың өтелуіне және Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың төмендеуіне қарамастан алтын-валюта қорларының ұлғаюына алып келді.

Еркін айырбасталатын валюталардағы активтер 9,67 млрд долларға дейін – 415 млн долларға (-4,1%) азайды. Алтындағы активтер өткен айда 19,64 млрд долларға дейін - 768 млн долларға (+4,1%) ұлғайды. Бұл алтын бағасының 4%-ға өсуі және басым құқық шеңберінде сатып алу есебінен болды.

Биыл Ұлттық Банк жаңа Тұжырымдама шеңберінде Ұлттық қордың пайдасына алтын сатуды жалғастырады. Қаңтарда Ұлттық қорға 100 млн долларға 2 тонна алтын сатылды.

Резервтердің валюта бөлігі өткен айда азайды. Бұл мемлекеттік борыштың өтелуіне және Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің валюталық шоттарындағы қалдықтардың төмендеуіне байланысты болды.

Жоғарыға