1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы төлем балансы туралы

Тауарлар экспорты 57,4 млрд АҚШ долларына дейін 4,0%-ға төмендеді. Тауарлар импорты 37,9 млрд АҚШ долларына дейін 10,6%-ға өсті.

Қызметтермен сауда-саттық балансы (-)3,5 млрд АҚШ долларына дейін 24,1%-ға жақсарды, бұл ретте көрсетілетін қызметтердің экспорты 7,7 млрд АҚШ долларына дейін 4,8%-ға ұлғайды, ал импорт 11,2 млрд АҚШ долларына дейін 6,5%-ға төмендеді.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері 2019 жылы 20,2 млрд АҚШ долларына дейін 1,0%-ға төмендеді. Бейрезиденттердің тікелей инвестициялардан түскен кірістерінің жартысынан астамы еншілес қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталды.

Қаржы шоты бойынша (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) капиталдың таза әкетілуі 2019 жылы 3,0 есе қысқарып, 0,9 млрд АҚШ доллары болды. Бұл ретте тікелей шетелдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкелінуі 5,6 млрд АҚШ доллары болды. Резиденттердің портфельдік инвестициялар бойынша шетелдік инвестицияларының 4,7 млрд АҚШ долларына, басқа инвестициялар бойынша 2,7 млрд АҚШ долларына таза өсуі байқалды.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 29,0 млрд АҚШ доллары болып бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 7,1 айын қаржыландыру қажеттілігін өтейді.

Жоғарыға