1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2019 жылғы 20 желтоқсан 27 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 20 желтоқсан – 27 желтоқсан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. ҚХР Үкіметі АҚШ-тан импортталатын тауарлардың бірқатарына баждарды қысқартатыны жөнінде мәлімдеді. Қытай шенеунігі саудасаттық келісімінің бірінші кезеңі келесі жылдың валюта нарығының теңгерімділігі үшін қолайлы орта құратыны жөнінде айтты. Еурокомиссияның Төрағасы У.Ляйен Брекзиттің ауыспалы кезеңі ұзартуды талап етуі мүмкіндігі жөнінде мәлімдеді. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келісімінің бірінші сатысына қол қою перспективасының төңірегіндегі нық сенімнің аясында дамушы нарықтарға капиталдың әкелінуі байқалады.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келісімінің төңірегіндегі нық сенімге байланысты инвесторлардың жаһандық тәуекел-дәрежесінің ұлғаюы аясында 1,5%-ға (14,25-тен 14,03-ке дейін) нығайды
  • Бразилия реалы экономиканы қалпына келтіру бойынша күтулерге, сондай-ақ қарашада жұмыссыздық деңгейінің азаюына байланысты бразилиялық акциялар қорына капиталдың әкелінуі аясында 1,2%-ға (4,1-ден 4,05-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы инвесторлардың жаһандық тәуекел-сентиментінің жақсаруы және ОБ басшысы орынбасарының ұлттық валютаның 2019 жылы 18,9-дан төмен белгіге жетуіне қол жеткізу белгілерінің бар екендігі туралы түсініктемесінің аясында 0,4%-ға (18,93-тен 18,85-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық қатынастардағы оптимизмге және шикізат қорларының қысқаруына байланысты мұнай құнының қымбаттауы аясында 0,2%- ға (62,29-дан 62,16-ға дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы АҚШ-тың қазынашылық бағалы қағаздарымен салыстырғанда мемлекеттік облигациялардың неғұрлым жоғары кірістілігіне байланысты капиталдың жергілікті активтерге әкелінуі аясында 0,2%-ға (13 978-ден 13 952-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы АҚШ тарапынан санкциялар қауіпіне қарамастан, Түркияның Ресейден ракетаға қарсы жаңа жүйе сатып алу бойынша өзгермейтін позициясының аясында 0,2%- ға (5,94-тен 5,95-ке дейін) әлсіреді; 
  • үнді рупиясы азаматтық туралы заңға және полицейлердің қатал іс-әрекеттеріне қарсы Үндістандағы наразылықтар аясында 0,3%-ға (71,12-ден 71,36-ға дейін) әлсіреді;

Жоғарыға