1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан теңгесі-Қытай юані валюталық свопы бойынша келісімі туралы

Своп келісімнің мақсаты Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық сауда шеңберінде сауда және қаржы есеп айырысуларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктер арқылы ұлттық валюталармен кепілдікті өтімділікті беру болып табылады.

Своп-желі сыртқы сауданы қаржыландыру көздерінің қолжетімділігін өсіруді қамтамасыз етуге және шетелдік фирмалардың Қазақстанның ұлттық валютасына қол жеткізуін жеңілдетуге арналған.

Қазақстанның Қытаймен сауда қатынастары бар кәсіпорындары валюталық своп құралы шеңберінде коммерциялық банктер арқылы 12 айға дейінгі мерзімге юаньмен өтімділік алу үшін Ұлттық Банкке өтініш жасай алады.

Сонымен қатар Қазақстан қор биржасында Т+0 (күнбе күн), Т+1 (келесі күні), Т+2 (екі күннен соң) есеп айырысуымен Қазақстан теңгесі/Қытай юані валюталық жұбы бойынша сауда-саттық жүргізілетінін, сондай-ақ биржаның сауда жүйесінде Қазақстан теңгесі/Қытай юані валюталық свопы операцияларының қол жетімді екенін атап өтеміз.

Жоғарыға