1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2019 жылғы 13 желтоқсан 20 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 13 желтоқсан – 20 желтоқсан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-тың бірқатар министрлері АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келісімінің бірінші сатысының мәмілелері техникалық және заң тұрғысынан шолудан өтуде екенін мәлімдеді, ал оған қол қою келесі жылдың қаңтарында күтілуде. АҚШ-тың Өкілдер Палатасы Президент Д.Трампқа билікті асыра пайдаланғаны үшін импичмент жариялады. Англия Банкі желтоқсандағы отырыстың қорытындысы бойынша базалық пайыздық мөлшерменеі 0,75% -дық деңгейде өзгеріссіз қалдырды. Қарашада ҚХР-ғы өнеркәсіптік өндірістің және бөлшек сауданың өсуі талдаушылардың күтулерінен асып түсті.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық келісімі бойынша нық сенімге байланысты шетелдік капиталдың әкелінуі аясында 1,9%-ға (14,53-тен 14,25-ке дейін) нығайды
  • Ресей рублі АҚШ-та РФ-ға қарсы санкциялар кіретін заң жобаларын қолдауға қарамастан, экспорттаушылардың салық төлемдеріне дайындығы аясында 0,9%-ға (62,85-тен 62,29-ға дейін) нығайды;
  • Мексика песосы инфляцияның 3%-дық нысаналы бағдарға дейін баяулауы және экономиканың баяулауына байланысты орталық банктің пайыздық мөлшерлемені қатарынан төртінші рет 7,25%-ға дейін төмендету шешіміне қарамастан инвесторлардың жаһандық тәуекелсентиментінің жақсаруы аясында 0,6%-ға (19,04-тен 18,93-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы 2019-2020 жылдарға арналған ІЖӨ-нің өсуі болжамының жақсаруы туралы ОБ жарияланымы аясында 0,2%-ға (4,11-ден 4,1-ге дейін) (тиісінше 1,2% және 2,2%) нығайды;
  • Индонезия рупиясы орталық банктің мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз (5%) сақтау туралы шешімінің аясында 0,1%-ға (13 990-нан 13 978-ге дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы мемлекеттің қатысуымен банктер тарапынан шетелдік валютаға жоғары сұраныс туралы хабарлардың аясында 0,4%-ға (71,82-ден 71,12-ге дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Түркия Президентінің РФ-дан әскери техника сатып алуға байланысты елге қарсы санкциялар енгізген жағдайда америкалық әскери базаларды жабу туралы қауіп төндіруіне байланысты АҚШ-қа қарсы тұруды ықтимал күшейту туралы қауіптенулердің аясында 2,2%-ға (5,81-ден 5,94-ке дейін) әлсіреді;

Жоғарыға