1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2019 жылғы 6 желтоқсан 13 желтоқсан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 6 желтоқсан – 13 желтоқсан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Әлемнің екі аса ірі экономикалары арасындағы шиеленісіп тұрған сауда дауынан қауіптенуді уақытша тоқтата тұруға мүмкіндік берген саудасаттық келісімінің бірінші сатысының ережелерін келісу туралы АҚШ пен Қытайдың мәлімдемелері болды. АҚШ-тың ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды және мөлшерлемені өзгеріссіз 2020 жылға дейін сақтау туралы айтты. Төраға Д. Пауэлл жұмыссыздық деңгейінің жарты ғасырлық ең төменгі деңгейге жетуіне қарамастан, еңбек нарығының бұдан әрі жақсаруы мүмкін екендігі жөнінде мәлімдеді.

Дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Мексика песосы Мексика сенатының АҚШ және Канадамен Еркін сауда-саттық туралы жаңа келісімге өзгерістерді мақұлдауы аясында 1,4%-ға (19,31-ден 19,04-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі ағымдағы жылғы қарашада инфляцияның баяулауы, сондай-ақ РОБ басшысы Э. Набиуллинаның қатарынан бес рет төмендеуден кейін базалық мөлшерлемені өзгерту бойынша ықтимал кідіріс алу туралы мәлімдемесінің аясында 1,3%-ға (63,67-ден 62,85-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» қайта қарауы аясында 0,7%-ға (4, 14-тен 4,11-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды қарашада инфляцияның баяулауы, сондай-ақ ағымдағы жыл ішінде үшінші тоқсанда портфельдік инвестициялардың шырқау шегіне дейін өсуі аясында 0,6%-ға (14,62-ден 14,53-ке дейін) нығайды;
  • үнді рупиясы мемлекеттің шетелдіктер үшін мемлекеттік облигациялар сатып алу кезінде инвестициялық лимитті ұлғайтуды қарауы аясында 0,5%-ға (71,21-ден 70,82-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы Индонезияның Министрлер Кабинетінің үкіметке экономиканың өсуін ынталандыру үшін міндеттемелер мен шығыстарды ұлғайтуға мүмкіндік беретін бюджет дефицитінің заңнамамен белгіленген шегін қайта қарауы мүмкін екендігі жөнінде хабарлардың аясында 0,3%-ға (14 038-ден 13 990-ға дейін) нығайды;
  • түрік лирасы экономистердің мөлшерлемені 1,5%-ға дейін төмендетуі туралы күтулері кезінде орталық банктің негізгі мөлшерлемені 14%-дан 12%-ға дейін төмендету туралы шешімінің аясында 0,5%-ға (5,78-ден 5,81-ге дейін) әлсіреді;

399.68 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға