1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 36 583 ипотекалық қарыздың қайта қаржыландырылуы мақұлданды

Бірінші блок 2004-2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 33 636 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 171,4 млрд теңге сомаға 27 743 қарыз мақұлданды, 157 млрд теңге сомаға 26 487 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 9 378 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 78,7 млрд теңге сомаға 8 840 қарыз мақұлданды, 63,6 млрд теңге сомаға 7 369 қарыз қайта қаржыландырылды.

Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушылар кредитор банкке өтініш жасауға тиіс.

Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен толығырақ «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөліміндегі сілтемеден танысуға болады. Осы сілтемеде Бағдарлама талаптарын түсіндіру үшін халықпен өзара ісқимыл жасайтын Қазақстан Ұлттық Банкінің, екінші деңгейдегі банктердің аумақтық филиалдары қызметкерлерінің байланыс телефондары көрсетілген.

Сұрақтар туындаған жағдайда қарыз алушылар Қазақстан Ұлттық Банкінің және банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне сәйкес өтініш жасауы қажет. Бағдарлама талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.

395.7 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға