1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету функцияларын Агенттікке беру туралы

Документке сәйкес Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету функциялары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан құрылып жатқан Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) беріледі.

Баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік қызметерді тұтынушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуге Ұлттық Банкке берілетін өтініштерді қарау мерзімін алдын ала есептеуді сұраймыз - оларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін немесе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді Агенттікке жолдауыңызды сұраймыз.

Агенттікке берілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі:

1. Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру

2. Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру

3. Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру

4. Банкті ашуға рұқсат беру

5. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру

6. Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру

8. Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру

9. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

10. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру

11. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үйжайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру

12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

13. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру

14. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

15. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

16. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

17. Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру

18. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру

20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру

21. Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру

22. Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

23. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу

24. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу

25. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру

26. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру

27. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру

28. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

29. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

30. Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу

31. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

32. Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру

33. Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру

34. Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

312.7 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға