1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Макросауалнама: сарапшылар болжамдарын жаңартты

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Сарапшылар Brent маркалы мұнайдың бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы бойынша болжамдарын ұсынды.

Мұнай бағасы мен экономиканың өсімі

Мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары 2026 жылға жылдық орташа есеппен 1 баррель үшін 93,3 АҚШ долларына дейін жоғары қарай қайта қаралды, 2027 және 2028 жылдарға – тиісінше 1 баррель үшін 80 және 75 АҚШ доллары деңгейінде сақталды.

Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар біршама түзетілді. 2026 жылға болжам 4,8%-дан 4,6%-ға дейін аздап төмендеді, 2027 жылға – 4,7% деңгейінде сақталса, 2028 жылға – 4,4%-дан 4,5%-ға дейін өсті.

Инфляция мен базалық мөлшерлеме

Аналитиктердің инфляция бойынша болжамы 2026 жылға – 9,5%-дан 9,1%-ға дейін, 2027 жылға – 8,3%-дан 8,0%-ға дейін жақсарды, 2028 жылға – 6,9%-дан 7%-ға дейін біршама өсті.

Аналитиктер 2026 жылдың соңына қарай базалық мөлшерлеме 15,75% деңгейінде сақталады деп күтеді. Күтулер медианасы 2027 жылға – 13,3%-дан 13,4%-ға дейін,
2028 жылға – 11,5%-дан
10,8%-ға дейін біршама түзетілді.

Сауалнамаға қатысушылардың құрамы туралы

Сауалнамаға Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерін талдап, болжаумен айналысатын 15 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері кіреді.

Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық Банк болжамдары кірмейтінін атап өтеміз. Ұсынылған көрсеткіштер нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікірін, бағалаулары мен күтулерін көрсетеді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға