ҚҰБ экономикалық шолуы: мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы және инфляцияның бағамдық факторлары
Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының жаңа шығарылымын жариялады.
Нөмірге Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын бағалауға, мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілік қисығын құру әдіснамасына, сондай-ақ айырбастау бағамы динамикасының инфляцияға әсерін бағалауға арналған ҚРҰБ талдаушыларының зерттеулері енді.
Бірінші мақала – индустриялық саясатты іске асыру бағдарламаларына жасалған шолу мен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамытуды мемлекеттік қолдау тиімділігін бағалаудың жалғасы. Мақалада негізгі стратегиялық бағдарларға қол жеткізу тұрғысынан 2015-2024 жылдар аралығында іске асырылған бірнеше бағдарламаға аналитикалық шолу ұсынылған.
Екінші мақалада авторлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік қисығын құруға қатысты жаңа әдіснамалық тәсіл ұсынады. Ол әдістеменің практикалық маңыздылығы – мемлекеттік бағалы қағаздар кірістілігінің макроэкономикалық негізделген бағдарын қалыптастыру мүмкіндігінде.
Үшінші мақалада зерттеушілер әртүрлі экономикалық күтпеген өзгерістерді ескере отырып, айырбастау бағамының тұтыну бағасының индексіне және импорттық бағаларға әсер ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін DSGE моделін әзірледі.
Экономикалық шолумен ҚРҰБ интернет-ресурсында танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz