1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау нәтижесін жариялады

Ұлттық Банк Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдер мен нарықтық инфрақұрылымдар комитеті жəне Халықаралық бағалы қағаздар комиссиясы ұйымы (Committee on Payments and Market Infrastructures of the Bank for International Settlements and International Organization of Securities Commissions, CPMI-IOSCO) əзірлеген Қаржы нарығы инфрақұрылымдарына арналған қағидаттарға Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) мен Банкаралық клиринг жүйесінің (БКЖ) қаншалықты сəйкес келетініне қатысты өзін-өзі бағалау нəтижелерін жариялады.

Өзін-өзі бағалау «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай жүргізілді, оған сәйкес Ұлттық Банк қадағалау (оверсайт) аясында жүйелік маңызы бар және маңызды төлем жүйелерінің жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдап, бағалайды.

Жүйелік маңызы бар төлем жүйесі болатын БААЖ әр төлемді жеке орындай отырып, төлемдерді нақты уақыт режимінде жүргізуді қамтамасыз етеді. Маңызды төлем жүйесі болатын БКЖ банк клиенттерінің аздаған сомаға жеке төлемдерін, оның ішінде коммуналдық және салық төлемдерін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүргізуге арналған және елдегі төлемдердің негізгі көлемін жүргізуді қамтамасыз етеді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 33 ұйым – БААЖ, 23 ұйым – БКЖ қатысушысы болды.

Операциялық орталық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
БААЖ-дың үздіксіз жұмыс істеу (қолжетімділігі) коэффициенті – 99,8%, БКЖ – 99,85%. Бұл ұлттық төлем инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істейтінін және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдары сенімді жүргізілетінін дәйектейді.

Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша, төлем жүйелері жалпы алғанда өзіне қолданылатын халықаралық қағидаттарға сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі жүйелерде сенімді құқықтық негіздің, операциялық тәуекелдерді басқару мен қызметтің үздіксіз болуын қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің, сондай-ақ қатысуға қойылатын ашық талаптардың барын растайды. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау қорытындысы бойынша өтімділік тәуекелімен және төлем жүйелеріне қатысушылардың елеулі клиенттерімен байланысты тәуекелдерін басқару бөлігінде жүйелерді одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.

Ұлттық Банк БААЖ бен БКЖ-ның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етіп, олардың жұмыс істеу сенімділігін арттыру бағытында жұмысты жалғастырады.

БААЖ бен БКЖ-ның өзін-өзі бағалау туралы есептердің толық мәтінімен Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады. 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға