Қазақстан Ұлттық Банкі орталықтандырылмаған қаржыны (DeFi) реттеу бойынша аналитикалық баяндама жариялады
Ұлттық Банк «Орталықтандырылмаған қаржы. Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері және реттеу тәсілдері» атты аналитикалық баяндама жариялады.
Баяндамада орталықтандырылмаған қаржының (DeFi) жұмыс істеу қағидаттары, оны реттеудегі халықаралық тәжірибе мен негізгі тәуекелдер және Қазақстан нарығында қолдану мүмкіндіктері қаралды.
DeFi негізіне смарт-келісімшарт – блокчейндегі алдын ала белгіленген ережелер бойынша операцияларды автоматты түрде орындайтын бағдарламалар алынған. Олардың көмегімен цифрлық активтерді айырбастауға, пайыз есептеуге, кепіл құнын бақылауға және т.б. болады.
Баяндамада DeFi-ді Қазақстанда кезең-кезеңімен қолдану тәсілі ұсынылды. Смарт-келісімшарттарды қолданыстағы талаптарды сақтай отырып, рұқсат етілген операцияларды автоматтандыру үшін қолдану, ал қаржылық қызметтердің жаңа модельдерін Ұлттық Банктің реттеушілік сынақ алаңында тестілеу ұсынылады.
Пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша осы модельдердің экономикалық қисындылығын бағаланып, қолданыстағы реттеуді өзгерту қажеттілігі айқындалады.
Осыған байланысты Ұлттық Банк DeFi-ге қатысы бар пилоттық жобаларды іске асыруға мүдделі нарыққа қатысушылардан ұсыныстар қабылданып жатқанын хабарлайды. Ұсынылатын модельдің, қатысушылар рөлі мен функциялардың, жобаны іске асыру шарттары мен өзге де мәліметтердің сипаттамасы бар ұсыныстарды Ұлттық Банктің hq@nationalbank.kz ресми поштасына жіберуге болады.
Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz