1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Салалық конъюнктуралық шолу: кәсіпорындарда рентабельділік өсіп, баға өсімі бәсеңдеді

2026 жылғы III тоқсанда кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижеcі туралы ҚР Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 2026 жылғы III тоқсанда кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс азайып, сұраныстың өзгеру бағытын сипаттайтын диффузиялық индекс (ДИ) 48,7 болды.

Дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жалпы экономикада баяу болды, алайда жоғары деңгейде сақталып отыр. Мәселен, кәсіпорын өнімдері бағасының динамикасын өлшейтін ДИ тиісінше 56,9 және 68,6 болды. Кәсіпорындардың басым бөлігі үшін дайын өнімге баға белгілеу кезінде шикізат пен материалдарға арналған шығын мен сұраныс (76,5% және 75,0% үшін), сондай-ақ салық пен алым (66,6%), жұмыс күшіне жұмсалатын шығын (64,6%), отын бағасы мен бәсекелестер бағасы (55,3%), айырбастау бағамы (54,1%) мен өнімділік (50,4%) мейілінше маңызды фактор болды.

2026 жылғы ІІІ тоқсанда кәсіпорындардың кредиттеу шарттары, соның ішінде бағаға қатысты (кредит бойынша мөлшерлеме деңгейі мен қосымша комиссия мөлшері) және бағадан тыс (кредиттің ең жоғары мөлшері мен мерзімі, қарыз алушының қаржылық жағдайына қойылатын, қамтамасыз етуге қойылатын) талаптарын бағалау көрсеткіштері біршама жақсарған.

Сатылымның орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеудегі шығынды шегергенге дейін) орташа тарихи нормадан жоғары (22,4%) қалыптасып, жалпы экономика бойынша 25,0%-ға (24,6%) дейін өсті.

III тоқсанда сауалнамаға 3 552 кәсіпорын қатысты.

Толығырақ Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

190.85 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға