Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресі өтеді
2026 жылғы 13 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ұйымдастырады.
Конгресс аясында алғашқы токенделген облигацияны іске қосу рәсімі өтеді, ал панельдік сессияларда мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері Қазақстанның қаржы жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайды. Қаржы нарығындағы бәсекелестік, жаңа бизнес-модельдерді дамыту және инновацияларды енгізу мәселелері басты назарда болады.
Жекелеген сессиялар Қазақстанның капитал нарығын қайта жандандыруға, соның ішінде оны дамытуға негіз болар фактор ретінде зейнетақы активтерін басқару рөліне, сондай-ақ сақтандыру нарығын дамыту мәселелеріне арналады.
Сонымен қатар, қатысушылар криптоиндустрияны дамыту мен цифрлық активтерді дәстүрлі қаржы жүйесіне интеграциялау мәселелерін де қарастырады.
Айта кетейік, Қазақстан қаржыгерлері конгресі онлайн және оффлайн форматта өтеді. Пленарлық сессиялар мен панельдік дискуссиялардың онлайн-көрсетілімі ҚҰБ-тың ресми YouTube-арнасында ұйымдастырылады.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz