Ең төмен резервтік талаптар және есептілікті ұсыну мәселелері бойынша Ұлттық Банктің Басқарма қаулысының жобасын әзірлеу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 Басқарма қаулысына және «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 102 Басқарма қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚҰБ Басқарма қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба ең төмен резервтік талаптардың (бұдан әрі – ЕТРТ) есептеу және орындау тетіктерін жетілдіру, оның ішінде ЕТРТ есептеу үшін міндеттемелерді санаттарға жатқызу тәртібін нақтылау, банкке немесе ұйымға тиесілі цифрлық теңге түріндегі активтер есебінен ЕТРТ орындау үшін қабылданатын резервтік активтердің құрамын кеңейту, сондай-ақ ұйымдардың Ұлттық Банкке цифрлық теңге қалдықтары туралы күнделікті деректерді ұсынуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының негізгі мазмұны қамтылған ақпараттық кестемен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz