Ұлттық Банк Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша екінші деңгейлі банк өкілдерімен кездесу өткізді
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Алматы қаласында екінші деңгейлі банк басшыларымен және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен кездесу өткізді.
Жиын барысында тараптар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің бизнеске инвестициялық кредит беруін белсендіру үшін реттеушілік тұрғыда жағдай жасау мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, «Капитал нарығы туралы» заң жобасына жеке кәсіпорындарды биржа құралдарын көптеп пайдалануға ынталандыру тетіктерін енгізу жайы қаралды.
Қатысушылар токендеуді, цифрлық активтер саласын дамытуға және оны реттеу тәсілдерін жетілдіруге, сондай-ақ қазақстандық рейтинг агенттігінің қызметіне ерекше назар аударды. Реттеуші органдардың өкілдері бұл бағыттағы бірлескен жұмыстың барлығы жаңа қаржы құралдарын енгізіп, токендеу ісін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға арналғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын кеңейту, қаржыландырудың баламалы көздерін жұмылдыру және цифрлық активтер саласын дамыту үшін Ұлттық Банк, ҚНРДА және ЕДБ бірлескен жұмысын одан әрі күшейту маңызды екенін алға тартты.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz