ІБИ: іскерлік белсенділік өндіріс пен саудада және қызметтер секторында жақсарды
2026 жылғы қазандағы іскерлік белсенділік туралы Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
2026 жылғы қазанда іскерлік белсенділік 51,1 болып, өсім көрсетті.
Іскерлік белсенділіктің жақсарғаны индексі 48,5 (қыркүйекте – 48,9) болған тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа барлық секторда байқалады. Саудада іскерлік белсенділік индексі осы жылдың басынан бері алғаш рет бейтарап мәннен (50) өсіп, 50,4 болды (қыркүйекте – 48,6). Қызмет көрсету, құрылыс және өндіріс секторларында индекс тиісінше 52,3, 51,7 және 51,1 (қыркүйекте – 51,0, 50,9 және 52,1) болды.
Бизнес-ахуал индексі 2026 жылғы қазанда 12,5-ке дейін көтерілді. Бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайларын бағалау көрсеткіші де жақсарып отыр.
ІБИ мен БАИ динамикасы туралы толығырақ ақпарат Ашық деректер репозиторийінің («Талдау» бөлімі) бета-нұсқасында Qlik Sense платформасында дашборд түрінде мына сілтемеде берілген.
Интерактивті дашборд сұрыпталған деректерді қалыптастыруға, саралауға, диаграмма құруға, кез келген кезеңдегі көрсеткіштерді талдауға, сондай-ақ экономикадағы секторлар мен кәсіпорындардың (ірі, орта және шағын) көлеміне қарай нәтижелерді көруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, таңдалған параметрмен Excel форматында уақыт қатарларын жүктеуге болады.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz