Астанада Қазақстан Ұлттық Банкінің сараптамалық-талдау клубының отырысы өтеді
2026 жылғы 5 қарашада Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University алаңында Қазақстан Ұлттық Банкінің сараптамалық-талдау клубының отырысы өтеді.
Іс-шараға сарапшылық және академиялық қоғамдастық өкілдері шақырылды.
Отырыс барысында Ұлттық Банктің болжамдау және саясатты талдау жүйесі (FPAS), сондай-ақ инфляцияны, жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) және Қазақстанның төлем балансын қоса алғанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау тәсілдері талқыланады.
БАҚ өкілдері қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон нөміріне хабарласа алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz