Техникалық жұмыстарға байланысты ҚҰБ интернет-ресурсы 24 қазан күні сағат 9:00-23:00 аралығында уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк өкілдері базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімнің қорытындысын талқылау үшін сарапшылармен кездесті

Қазақстан Ұлттық Банкінде 2026 жылғы 23 қазанда базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешім мен ақша-кредит саясатының (бұдан әрі – АКС) қазіргі шарттарына арналған сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті. 

Іс-шараға экономистер, қаржы аналитиктері мен макроэкономикалық болжаммен айналысатын мамандар қатысты. Жиында Ақша-кредит саясаты комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мүшелері мен Ұлттық Банктегі салалық департаменттердің басшылары баяндама жасады.

Спикерлер базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдаған кезде ескерілген  сыртқы және ішкі макроэкономикалық жағдайларды, сондай-ақ төлем балансының негізгі үрдістері мен болжамдарын таныстырды.

Талқылау барысында Комитет өкілдері инфляциялық үдерістердің динамикасын қарастырып, жылдық инфляция он екі ай қатарынан баяулап, 2026 жылғы қыркүейкте 9,3% болғанын атап өтті. Инфляцияның бәсеңдеуіне түрткі болған факторлар арасында ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен теңге бағамының тартымды динамикасы айтылды.

23 қазан күні Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.  

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі жоспарлы шешім бекітілген кестеге сәйкес жарияланады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға