Алматыда ҚҰБ сараптамалық-талдау клубының отырысы өтеді
27 қазан күні Алматы қ. Narxoz University алаңында Қазақстан Ұлттық Банкінің сараптамалық-талдау пікірталас клубының отырысы өтеді.
Іс-шараға сарапшылар мен академиялық қауымдастық өкілдері, екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері шақырылды.
Пікірталас клубының отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен БЖЗҚ активтерін басқару тәсілдері, инвестициялық процестерді ұйымдастыру ерекшеліктері, сондай-ақ активтерді басқару нәтижесі мен олардың ұзақмерзімді табыстылығына әсер ететін факторлар талқыланады деп жоспарланып отыр.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына нөмір арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz