1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Макросауалнама: инфляция бойынша болжамдар жақсарды

Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.

Сарапшылар Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсуі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы бойынша болжамдарын ұсынды.

Мұнай бағасы мен экономиканың өсуі

Мұнай бағасына қатысты сценарийлік шарттар бүкіл болжамды кезеңде жоғары қарай қайта қаралды: 2026 жылға Brent маркалы мұнай бағасы бойынша күтулер барреліне 82,7 АҚШ долларынан 88,4 АҚШ долларына дейін, 2027 жылға – 75 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін, 2028 жылға – 73,7 АҚШ долларынан 75 АҚШ долларына дейін көтерілді.

Қазақстан экономикасының өсуіне қатысты болжамдар айтарлықтай өзгерген жоқ. ЖІӨ өсімі 2026 жылы 4,8%, 2027 жылы – 4,7% (бұған дейін – 4,6%), 2028 жылы – 4,4% (бұған дейін – 4,3%) деңгейінде күтіледі.

Инфляция мен базалық мөлшерлеме

Сарапшылардың инфляция бойынша болжамдары бүкіл болжамды кезеңде төмендеді: 2026 жылға – 10%-дан 9,5%-ға дейін, 2027 жылға – 8,5%-дан 8,3%-ға дейін, 2028 жылға – 7%-дан 6,9%-ға дейін.

2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша күтулер медианасы 15,9% құрады (бұған дейін – 16,0%). 2027 жылғы болжам 13%-дан 13,3%-ға дейін, 2028 жылғы болжам 10,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті.

Сауалнамаға қатысушылардың құрамы туралы

Сауалнамаға Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерін талдаумен және болжаумен айналысатын 14 ұйым қатысты. Респонденттер қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер кіреді.

Айта кетейік, макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмайды. Сауалнама нәтижесі нарықтың кәсіби қатысушыларының тәуелсіз пікірлерін, бағалаулары мен күтулерін көрсетеді.

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады: 
+7 (7172) 77–52–10 
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға