Іскерлік белсенділік индексі 50,4-ті құрады: Қазақстан экономикасының секторларындағы жағдай қандай?
Қазақтан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің 2026 жылғы қыркүйектегі іскерлік белсенділік туралы түсіндірмесі
2026 жылғы қыркүйекте іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) 50,4-ті құрап, оң аймақта қалды.
Өндіріс, құрылыс және қызмет көрсету салаларында іскерлік белсенділік оң деңгейде сақталды. Аталған салалардағы индекстер тиісінше 52,3, 51,0 және 50,9-ды (тамызда – 52,1, 54,3 және 51,1) құрап, бейтарап деңгейден (50) жоғары болды. Сауда және тау-кен өндіру өнеркәсібінде индекс көрсеткіштері 48,4 және 48,9 (тамызда – 48,9 және 48,3) болып, айтарлықтай өзгерген жоқ.
2026 жылғы қыркүйекте бизнес-ахуал индексі 9,9-ды құрады. Кәсіпкерлер қазіргі және алдағы кезеңдегі бизнес жүргізу жағдайын бұрынғыдан сәл төмен бағалағанымен, көрсеткіш оң деңгейде қалды.
ІБИ мен БАИ динамикасы туралы толық ақпарат Ашық деректер репозиторийінің бета-нұсқасындағы Qlik Sense платформасының «Талдау» бөлімінде дашборд түрінде берілген және сілтеме арқылы қолжетімді.
Интерактивті дашборд деректерді іріктеуге, саралауға , диаграммалар жасауға, кез келген кезеңдегі көрсеткіштерді талдауға, сондай-ақ экономика секторлары мен кәсіпорындардың көлемі (ірі, орташа және шағын) бойынша нәтижелерді қарауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, таңдалған параметрлер бойынша Excel форматында уақыт қатарларын жүктеуге болады.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz