1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ сараптамалық-талдау клубының отырысында Қаржылық тұрақтылық туралы есеп таныстырылады

5 қазан күні Астана қ. Nazarbayev University алаңында Қазақстан Ұлттық Банкінің сараптамалық-талдау пікірталас клубының отырысы өтеді.

Іс-шараға сарапшылар мен академиялық қауымдастық өкілдері, екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері шақырылып отыр.

Жиын барысында Қазақстанның Қаржылық тұрақтылығы туралы есеп таныстырылып, негізгі түйіні талқыланады. Сондай-ақ, 2025 жылғы макроэкономикалық ахуал мен қаржы секторының сын-қатерін бағалау нәтижесі ұсынылады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға