1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ақша-кредит саясаты туралы баяндама: Ұлттық Банк макроэкономикалық болжамын 2028 жылға дейін жаңартты

Ұлттық Банк «Тамыз 2026. Ақша-кредит саясаты туралы баяндама» жариялады. Баяндамада болжамның алғышарттары мен 2028 жылға дейінгі базалық сценарий бойынша макроэкономикалық даму динамикасы ұсынылған.

Құжат төлем балансының ағымдағы шотына қатысты болжамды, сондай-ақ макроэкономикалық ахуал мен ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы жағдай туралы деректерді қамтиды.

Бұдан басқа, баяндамаға Қазақстандағы депозиттік жинақтардың құрылымдық өзгерістері, ISM индексі арқылы инфляциялық қысымды бағалау, LRT-нің Астанадағы тұрғын үй құнына әсерін талдау және номиналды айырбас бағамының Қазақстандағы өндірушілер бағасы мен тұтыну бағаларына ауысу әсері сияқты тақырыптарға арналған бокстар енгізілді.

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға