1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

BNPL мен бөліп төлеу нарығын талдау: дискуссиялық құжат жарияланды

Ұлттық Банк бөліп төлеу мен BNPL-өнімдері («Buy Now, Pay Later» немесе «қазір сатып ал да, кейін төле») нарығын талдау мәселесіне арналған дискуссиялық құжатты жариялады. Жарияланымның мақсаты – бөліп төлеу жүйесінің қолданыстағы тәжірибелерін қарастыру, нарық қатысушылары үшін сын-қатерлер мен келешекті талқылау, сондай-ақ мүдделі тараптардан қарастырылып отырған мәселелер бойынша пікір мен ұсыныс алу.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұтыну тауарларынан бастап автокөлік пен жылжымайтын мүлікке дейінгі түрлі салаларда қымбат тауарлар мен қызметтердің ауқымды бөлігі бөліп төлеуге рәсімделе береді. Бөліп төлеу жүйесі өз алдына төлем тәсілі болып санала береді, бірақ ол сатып алушыға белгілі бір деңгейде қаржылық міндеттемелер жүктейді.

Әдетте, банктер мен микроқаржы ұйымдары ұсынатын бөліп төлеу жүйесіне сұраныс артқандықтан, нарықта BNPL-провайдердің қатысуымен жасалатын мәмілелер, сатушыдан тікелей бөліп төлеу немесе кейін құнын өтеп сатып алу арқылы жалға алу схемалары сияқты қаржылық емес ұйымдардың осыған ұқсас өнімдері тарала бастады. Төлемді бөліп төлеу арқылы сауда процесін жеңілдеткенімен, қаржылық емес ұйымдар ұсынатын бөліп төлеу өнімдері қаржылық қызметтерді тұтынушы тараптың құқығын қорғайтын арнайы тетіктермен реттелмейді. Бұл жағдай азаматтардың қарыз жүктемесін көбейтіп жіберуге ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, басты міндет – қызметтердің қолжетімділігін сақтай отырып, осы типтес тәуекелдерді азайту тетігін әзірлеу.

Құжаттың өзі 8 апта бойы талқыланады. Жауаптар мен пікірлерді bnpl@nationalbank.kz электрондық поштасына 2026 жылғы «3» қарашаға дейінгі мерзімде жіберуді сұраймыз.

Құжатпен nationalbank.kz сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz  
www.nationalbank.kz  

Жоғарыға