Ұлттық Банк өкілдері базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімнің қорытындысын талқылау үшін сарапшылармен кездесті
Қазақстан Ұлттық Банкінде сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесу өтіп, ақша-кредит саясатының (бұдан ары – АКС) қазіргі жағдайы мен базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылғы 4 қыркүйекте қабылданған шешімнің қорытындысы талқыланды.
Іс-шараға экономистер, қаржы сарапшылары мен макроэкономикалық болжаммен айналысатын мамандар қатысты. Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мүшелері және салалық департаменттердің басшылары баяндама жасады.
Спикерлер базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдаған кезде ескерілген сыртқы және ішкі макроэкономикалық жағдайларды, сондай-ақ төлем балансының негізгі үрдістері мен болжамдарын таныстырды.
Талқылау барысында Комитет өкілдері тамыз айында жылдық инфляция баяулап, 9,8%-ды құрағанын атап өтті. Бұған жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты, теңге бағамының нығаюы, сондай-ақ Ұлттық Банк пен Үкіметтің инфляцияға қарсы шаралары ықпал етті. Сонымен қатар инфляцияның алдағы динамикасы азық-түлік пен энергия тасымалдаушылардың әлемдік бағасы, реттелетін бағалардың динамикасы және фискалдық саясат параметрлері сияқты бірқатар сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.
4 қыркүйекте Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 16,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі жоспарлы шешім Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті бекіткен кестеге сәйкес жарияланады.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz