Құрылыста, өндірісте және қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік өсті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің 2026 жылғы тамыздағы іскерлік белсенділік туралы түсіндірмесі
2026 жылғы тамызда іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) 50,6-ны құрап, оң аймаққа өтті.
Іскерлік белсенділік құрылыста, өндірісте және қызмет көрсету саласында артты. Бұл салалардағы индекстер тиісінше 54,8, 52,1 және 50,9-ды (шілдеде – 51,8, 52,1 және 50,4) құрап, өсу аймағында қалды. Сауда және тау-кен өндіру өнеркәсібінде де индекстер жоғарылады, бірақ көрсеткіш 48,8 және 48,6-ны (шілдеде – 46,8 және 47,1) құрап, бейтарап деңгейден төмен қалды.
2026 жылғы тамызда бизнес-ахуал индексі 10,7 болды. Бизнесті жүргізудің ағымдағы жағдайларын бағалау төмендеді, ал алдағы кезеңге қатысты күтулер шамамен өзгеріссіз қалды.
ІБИ мен БАИ динамикасы туралы толық ақпарат Ашық деректер репозиторийінің бета-нұсқасындағы Qlik Sense платформасының «Талдау» бөлімінде дашборд түрінде берілген және сілтеме арқылы қолжетімді.
Интерактивті дашборд деректер іріктемесін қалыптастыруға, сүзгілерді қолдануға, диаграммалар құруға, көрсеткіштерді кез келген кезең бойынша талдауға, сондай-ақ экономика секторлары мен кәсіпорындардың көлемі (ірі, орта және шағын) бойынша нәтижелерді қарауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, таңдалған параметрлер бойынша Excel форматында уақыт қатарларын жүктеуге болады.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz