ҚРҰБ Басқарма мүшелері Ұлттық қорды сенімгерлік басқару бойынша ІІ тоқсанның нәтижесі туралы есепті бекітті
Ұлттық Банктің Басқарма мүшелері ақша және валюта нарығындағы ахуал жайында дайындалған баяндаманы тыңдап, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша 2026 жылғы екінші тоқсанның нәтижесі туралы есепті бекітті.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық қордың валютадағы активі 65,5 млрд АҚШ долларына жетіп, тоқсан ішінде 3,1 млрд АҚШ долларына өсті. Есепті кезеңде Ұлттық қордың табыстылығы 2,92 млрд АҚШ долларын құрады. Оған геосаяси шиеленістің бәсеңдегені, технологиялық сектор өсім көрсеткені және әлемдік қор нарықтарының қалпына келе бастағаны, жаһандық облигациялар нарығының қалыпты өсімі, сондай-ақ мұнай мен алтынды қоса алғанда, шикізат тауарлары бағасының төмендегені себеп болды.
Басқарма отырысында заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің және басқа да заңдарының талаптарына сәйкестендіру үшін Ұлттық Банк Басқармасының бірқатар қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz