S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның егемен рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейіне дейін көтерді
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның егемен рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейіне дейін көтерді.
Рейтингтің көтерілген себебі жаһандық белгісіздік пен шикізат нарығы құбылмалы болып тұрған кезеңде Қазақстан экономикасы орнықты болғанымен түсіндіріледі. Рейтинг бойынша тұрақты болжам сыртқы шоктардың әсерін жұмсартуға ықпал ететін ауқымды валюталық резервтерді, сондай-ақ мұнайдан тыс бюджет тапшылығы одан әрі қысқарады деген күтулер барын көрсетеді.
Агенттік инфляцияны бәсеңдету тұрғысынан Ұлттық Банк қабылдап жатқан шаралардың арқасында ақша-кредит саясатының негіздері нығая түскенін алға тартады. Сонымен қатар, ақша-кредит саясатымен бірге, макропруденциялық реттеу және бюджетті шоғырландыру аясындағы Үкімет пен Ұлттық Банктің үйлесімділігі мен бірге қабылдаған шаралары күшейгені арқасында 2026 жылғы шілдеге қарай инфляция деңгейі 10,2%-ға дейін төмендеді.
Агенттік сарапшылары 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,1% деңгейінде болады деп болжайды. Ортамерзімді келешекте бюджетті шоғырландыру, негізгі мемлекеттік кәсіпорындардың квазибюджеттік қызметін қысқарту және макропруденциялық реттеуді күшейту бойынша қабылданған шаралар аясында ЖІӨ өсімі әлі де 4% жоғары деңгейде сақталады деп күтілуде. Бұл – салыстырмалы елдердің көрсеткішінен жоғары.
S&P Ұлттық қор қаражатын пайдалану ісіне мейілінше қатаң ережелер енгізілетін болса, ол өтімді активтердің көп көлемін сақтауға және фискалдық резервтердің орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады. Ұлттық қордың оң динамикасы 2025 жылы 15% болған инвестициялардың жоғары кірістілігімен негізделіп отыр.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz