Салалық шолу: дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулады
ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің басқарма бастығы Игорь Осиповтің 2026 жылғы IІ тоқсандағы экономиканың нақты секторы кәсіпорындары арасында жүргізілген пікіртерім нәтижелеріне (салалық конъюнктуралық шолу) қатысты түсіндірмесі
2026 жылғы II тоқсанда дайын өнімге сұраныс көптеген салада артты. Кәсіпорындардың болжамы бойынша, III тоқсанда сұраныстың өсуі жалғасады.
Дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны барлық салада баяулады. Бұл ретте индекстердің мәндері әлі де бейтарап деңгейден айтарлықтай жоғары. 2026 жылғы III тоқсанда кәсіпорындар дайын өнім, шикізат және материалдар бағасының өсу қарқыны одан әрі баяулайды деп күтеді.
Өндіріс көлемі өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ көлік және қоймалау саласында артты. 2026 жылғы III тоқсанда кәсіпорындар өңдеу өнеркәсібінде, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында өнім шығару көлемі ұлғаяды деп күтеді.
Сатудың рентабельділігі барлық салада артты.
Пікіртерімге тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, сонымен қатар көлік және қоймалау салаларындағы 2,7 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.
Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz