1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ экономикалық шолуының арнайы шығарылымы: инфляциялық күтулер, фискалдық саясат және қаржылық тұрақтылық

Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының арнайы шығарылымын жариялады. Басылым 2026 жылғы 30 сәуірде Алматы қаласында өткен «Экономикалық саясатты интроспективті талдау: күтулерден шешімдерге дейін» атты VI ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысына арналған. Конференция – Ұлттық Банктің ашық ақша-кредит саясатының негізгі элементтерінің бірі. Ол қоғам, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы диалог пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз қалайды.

Арнайы шығарылымда ғылыми пікірталасқа қатысқан Ұлттық Банк сарапшыларының, академиялық қоғамдастық пен зерттеу орталықтары өкілдерінің зерттеу нәтижелері берілген.

Бірінші бөлімде инфляциялық күтулерге арналған мақалалар қамтылған. Онда инфляциялық процестердің іс-қимыл аспектілері, реттеушінің коммуникациялық саясаты, сондай-ақ ақша-кредит саясатының сенімділігі мен болжамдылығын арттыру бағыттары қарастырылған. 

Екінші бөлім макроэкономикалық күтпеген өзгерістер мен мемлекеттік қаржының өзара байланысына арналған. Аталған бөлімде фискалдық саясаттың циклдік сипаттарына қатысты зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ фискалдық саясаттың макроэкономикалық орнықтылыққа әсерін бағалау нәтижелері ұсынылған.

Үшінші бөлімде кредиттеу ерекшеліктері мен олардың қаржылық тұрақтылыққа әсері жөнінде өзекті зерттеулер қамтылған. Реттеушілер кредит алшақтығын бағалау үшін қолданатын аналитикалық құралдардың нақтылығын жақсарту бағыттары ұсынылған.

Төртінші бөлімдегі мақалаларда экономикадағы тәуекелдердің сипаты, тәуелсіз және корпоративтік қаржылық көрсеткіштердің өзара байланысы, қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайту жолдары қарастырылады.

Экономикалық шолудың арнайы шығарылымы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға